Халық қазақ тілінде сөйлемейтін әуежай қызметкерлерін жұмыстан босатуды талап етті
Халық қазақ тілінде сөйлемейтін әуежай қызметкерлерін жұмыстан босатуды талап етті
Жолаушылар қазақ тілінде сөйлемейтін әуежай қызметкерлерін жұмыстан босатуды талап етті. Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Еркін Ербөлек деген азамат жекеме жолдады» DV-769 Алматы-Атырау рейсі 5:30 сағатқа кешіктірілген, осыған байланысты бірнеше қызметкерлерге (Скат әуекомпаниясы) жолыққан кезде олардың (Афанасенко Валерия, Зазулина Олеся) мемлекеттік тілде мүлдем сөйлей алмайтынын байқадық. Осыған наразылық білдіріп әуежайдың жауапты қызметкерін шақырғанда, оның да (Булеков Николай - сменный начальник аэропорта) мүлдем қазақ тілін түсінбейтінін байқадық. Оның үстіне барлық бейджиктері орыс тілінде жазылған. Әуежай кезекшілік бастығы оның үстіне қазақ-орыс тілінде тілмаш деп бір қазақ жігітті шақырып, әбден ұятқа қалды. Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлеген тұтынушыға қандай тілмаш керек? Еліміздің бетке ұстар Алматы әуежайы әкімшілігіне және Скат авиакомпаниясының әкімішілігіне бір топ жолаушы өте наразы болды. Бұл қызметкерлер тұтынушылардың құқықтарын сақтамай отырып әрі мемлекеттік тілге құрметсіздік көрсеткен үшін орнын босату керек. Одан әрі бұл жағдай қайтанбалас деп ойлаймыз», – деп жазды ол.
Taulik.kz