Жаңалықтар

Ресейлік Youtube арна: «Головкиннің өзі ақша үшін рингке шыққалы жатыр»

Ресейлік Youtube арна: «Головкиннің өзі ақша үшін рингке шыққалы жатыр»

Ресейлік "Боевая провинция" Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жегі алдында қатаң пікір білдірді. Арна авторының айтуынша, Головкинді жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға шақырған Альварес емес. Керісінше Головкиннің өзі аталған салмақта өнер көрсетуге бел буған. "Альварес мені ыңғайсыз жағдайға қалдырды, мені қандайда бір шеңбердің ішіне салғысы келеді, 40 жасымды күтті» - деген сынды сөздердің Головкин таратынан айтылып жатқандығы үлкен ағаттық. Онда жекпе - жекке шықпа. Сені кім қинап жатыр?! Ақша үшін жұдырықтасқалы жатырсың! Ақша үшін төбелескелі жатқан соң «желеу» айтуды қой! Білесіз бе, боксшылар - жезөкшелер сияқты... Олар ақша үшін әу баста бәріне көнеді, үндемейді. Жеңілгеннен кейін өздерін ақтап алу үшін түрлі сылтаулыр айтып бастайды. Егер сіз өзіңізді әлсіз, кәрі сезінетін болсаңыз белбеулеріңізді беріңіз де бокстан кетіңіз! Иә, кейін Альварес Головкинді ұрып бастағанда «шіріген» әңгімелер басталады: «міне ол Головкиннің 40 жасын күтті деген». Ол ешкімді күтпейді! Головкиннің өзі ақша үшін рингке шыққалы жатыр. Оған жанашырлық танытудың қажеті жоқ дейді арна авторы.