«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы: Үміткерлер 18 миллион теңге пәтер алуға жетпейтінін айтады
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы: Үміткерлер 18 миллион теңге пәтер алуға жетпейтінін айтады
Үш жыл бұрын іске қосылған «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қала ішінде үй тауып, ипотека рәсімдеу қиын. Өйткені нарықта бұл бағада лайықты пәтер жоқ. Сол себепті бағдарламаға қатысушылар ипотекадан бөлек, тағы қосымша несие рәсімдеуге мәжбүр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты 31 арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
«Бағдарламаға екі рет қатыстым, оның талаптарына сай келгеніммен, пәтер іздегенде қатты қиналдым. Өйткені пәтер бағасының қымбаттап кеткені сондай, 18 миллион теңгеге бағдарлама талаптарына сай келетін пәтер таппадым. Ақыр аяғы, қаланың шалғай бөлігінен, аумағы шағын ғана пәтерді ипотекаға рәсімдеудің өзіне қосымша 1 млн теңгеге жуық несие алдым», - дейді қала тұрғыны Жансая Әубәкірова.
Taulik.kz