Бекболат Тілеуханның жеті бөлмелі пәтерін сатылымға шығарғаны рас па?

13 қыркүйек, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Бекболат Тілеуханның жеті бөлмелі пәтерін сатылымға шығарғаны рас па? Желіде Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға тиесілі болуы мүмкін жеті бөлмелі пәтердің сатылымға шыққаны туралы хабарландыру тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Arbat Media-ға сілтеме жасап. Қазір Түркияда тұрып жатқан Бекболат Тілеухан елорданың сол жағалауындағы қымбат пәтерін сатуды ұйғарған болуы мүмкін. Пәтердің бағасы – 160 миллион теңгеге жуық. Krisha.kz сайтында жарияланған хабарландырудағы фотосуреттер саясаткердің әлеуметтік желідегі жеке аккаунтындағы суреттеріне ұқсас. Пәтер жеті бөлмелі: жуынатын төрт бөлме, үш гардероб, асхана, үш балкон және лоджия. Үйдің жалпы ауданы шамамен – 350 шаршы метр. Сатуға шығарылған пәтер жайында Бекболат Тілеухан әзірге пікір білдірмеді.

Taulik.kz