Жаңалықтар

Ресей армиясына ақпарат берген украиналық 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Ресей армиясына ақпарат берген украиналық 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Украина соты Ресей әскеріне украин әскери позицияларының координаталарын берген Лисичанск тұрғынын 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты BBC басылымының орыс бөліміне сілтеме жасап. Украина баспасөзінің хабарлауынша, «орыс әлемін» жақтаушы Днепропетровск облысының Петропавл аудандық сотында ынтымақтастық туралы бап бойынша сотталды. Украина прокуратурасы сотталушы ресейліктерге Telegram мессенджері және ұялы телефон арқылы украин сарбаздары мен техникасының Лисичанск қаласының қай жерінде орналасқанын, сондай-ақ Ресей тарапынан болған артиллериялық атыстардың нәтижелері туралы ақпарат берген деп мәлімдеді. Айта кетейік, сотталған адамның аты сот шешімінде айтылмайды.

Taulik.kz