Патшайым бейнеленген тиындар шығарылмайды
Патшайым бейнеленген тиындар шығарылмайды
Патшайым бейнеленген тиындар шығарылмайды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты 24.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екінші Елизаветаның қазасынан кейін Австралия банкнотындағы суреттерді өзгерту мәселесі туындады. 5 австралиялық доллар қағаз ақшасында патшайым бейнеленген. Ол үшінші Чарльздің суретімен алмастырылады деген де ой болған. Алайда билік одан бас тартуы мүмкін.
Эндрю Ли, Австралияның Бәсекелестік, қайырымдылық және қазынашылық сұрақтары жөніндегі министрінің көмекшісі:
«Бізде 5 австралиялық долларда патшайым бейнеленген. Бұл оның монарх мәртебесіне емес, жеке тұлғасына байланысты қабылданған шешім. Сонымен қоса 1953 жылдан бері Австралия тиындарында Елизавета екінші бейнеленіп келді. Алайда келесі жылдан бастап олар шығарылмайды» - деді ол.
Taulik.kz