Жаңалықтар

Қытаймен келісім: Сүмбе өзенінде қандай өзгеріс болады?

Қытаймен келісім: Сүмбе өзенінде қандай өзгеріс болады?

Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде ҚР-ның Үкіметі мен ҚХР-ның үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды taulik.kz министрлік баспасөзіне сілтеме жасап.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.  width= «Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде. Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді.  width= Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Іс-шара соңында Ә.Шалабекова: «Біз өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете беруге ниеттіміз», - деп түйіндеді.