Жаңалықтар

Харьков: уақытша жеңіс әлде түбегейлі жеңістің бастамасы ма?

Харьков: уақытша жеңіс әлде түбегейлі жеңістің бастамасы ма?

6 қыркүйектен бері  Украина  армиясы Харьков аймағындағы 150 мыңнан астам адам  тұратын  300 елді мекенді толығымен бақылауға алған. Сонымен қатар  3800  шаршы шақырым жерді жау қолынан азат еткен. Бұл туралы кеше  Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді.  Шын мәнінде жоғарыда келтірілген сандар тек ресми дерек көздерінен алынған мәлімет. Ал  бейресми дерек көздері аталған сандар екі есе көп болуы мүмкін дейді. Осы ретте сарапшылар түрлі қортындылар жасауда. Украинаның солтүстік-шығысында Ресей әскерінің жеңіліске ұшырауынан кейін соғыс даласында жағдай қалай өрбімек? Саясаттанушы Андрей Окараның айтуынша,  Харьков аймағында украин әскері үлкен жетістіктерге жетуде. Бұған дейін  Украинаның Киев, Сумы және Чернигов сынды облыстарынан  да ресей әскерінің кеткенін  Андрей Окара тілге тиек етті. Тіпті ресейліктің өздері жағдайдың қиындай түскенін мойындауға мәжбүр. Алайда олар өз әскерлерінің жеңілісін: «Шегініс жасай отырып, шабуылдайды. Біздің шегінісіміз жай көзбояушылық. Бұл шегініс –тактикамыздың бірі» - деп ақтап алулары әбден мүмкін дейді ол. Сонымен қатар Харьковты азат ету  барысында қолданылған әскери тактикалар мен  стратегиялық операциялар алдағы уақытта  әскери оқулықтарына енуі мүмкін, - дейді саясаттанушы.  Харьков операциясының тағы бір жетістігі, ресейліктердің арасында танымал  болған «Ресей мұнда мәңгі!» – деген түсініктің  сынуына негіз болды. Себебі, Ресей мен Украин арасында соғыс оты тұтанғанда, ресейліктер жеңіске жететіндеріне сенімді еді. Алайда Харьков оқиғасынан кейін көптеген ресейліктер әсіресе ресей элитасы ойлана бастады. Жағдайға басқаша көзбен қарап,  Кремльдің саяси ұстанымдарына күмәндана бастады. Ресей мен Украина арасындағы қазіргі шайқасты «Маугли» мултьфильміндегі: «Акела мүлт кетті» - деген сөзбен тікелей байланыстыра аламыз деді Андрей Окара. Блогер Марк Фейгин де Харьков шайқасын жоғары бағалады. Оның ойынша, Ресей істі қайт өз бақылауына ала алмайды. Осылайша оның күші әлсірей түседі. Ал Украина Батыс елдерінен келетін  қару-жарақтар арқылы  керісінше күшейе береді, - деді ол. Сонымен қатар, қазір барлық жерде украиндықтар өздерінің соғыс қимылдарын күшейтті. Мәскеу әлде де  өз азаматтарын жаппай соғысқа  жұмылдыруды мүмін. Бірақ қазіргі жағдайда ол қажетті нәтиже бермейді. Халық соғысуға бармайды, - деді Марк Фейгин.