Франциядағы орман өрті сөнбей жатыр
Франциядағы орман өрті сөнбей жатыр
Францияның Жиронде провинциясындағы орман өртінде 3 мың 200 гектар жасыл алқап күлге айналды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Жиронде губернаторлығының жасаған мәліметіне қарағанда өрттен 3 мың 200 гектар жасыл алқапқа зақым келген. Жалынның беті әлі де қайтар емес. Осы уақытқа дейін аймақтан 840 адам эвакуацияланған. Ал жалынмен күреске 900-ден астам өрт сөндіруші тартылған.
Айта кетейік, өрт 12 қыркүйекте Жиронде провинциясындағы Саумос орманында шыққан болатын.
Taulik.kz