Харьковтағы жеңіліс: Кремль Путиннен кінәні алып тастауға тырысып жатыр
Харьковтағы жеңіліс: Кремль Путиннен кінәні алып тастауға тырысып жатыр
Кремль Украинаға шабуыл басталғаннан бері алғаш рет Харьков облысында жеңілгенін мойындады. Бұл туралы америкалық соғысты зерттеу институтының сарапшылары жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Кремль шенеуніктері мен мемлекеттік БАҚ Ресейдің Харьков аймағында жеңілуінің себептерін кеңінен талқылап жатыр. Кремль Ресейдің Киев маңында жеңілгенін ешқашан мойындамады, Киевтен шегінуді Донбассты «азат ету» үшін қажет болған шешім ретінде ғана қабылдады.
Ресей Қорғаныс министрлігі бастапқыда осы бағытта жүріп, Ресей әскері қайта топтасу үшін Харьков облысынан шығарылды деп мәлімдеді. Бірақ бұл нұсқа интернетте қатты сынға ұшырады.
«Кремльдің жеңілісті мойындауы – Ресей президенті Владимир Путинді сынауға жол бермеу және кінәні Қорғаныс министрлігі мен әскери қолбасшылыққа арту жұмыстарының бір бөлігі болды», – деп жазады ISW.
Taulik.kz