Жаңалықтар

Донецк облысының 50 жастағы тұрғыны Ресей басқыншыларымен байланыста болған

Донецк облысының 50 жастағы тұрғыны Ресей басқыншыларымен байланыста болған

Полиция Донецк облысының Дружковка қаласында зымыран соққыларын түзеткен қызметкерді әшкереледі. Бұл туралы Украина ІІМ телеграмм-арнасында жарияланған хабарламада айтылған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ведомствоның мәліметінше, 50 жастағы жергілікті тұрғын 2014 жылдан бастап басқыншылармен байланыста болған.
«Ресей Федерациясы Украинаға толығымен басып кіргеннен кейін әйел украин әскерінің орналасқан жері мен әскери техниканың қай бағытта қозғалғаны туралы ақпарат берген», – дейді тәртіп сақшылары.
Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай, ол басқыншыларға атыс нәтижесін хабарлап отырған.
«Әйел тексерілмеген ақпарат бергендіктен, қаланың бейбіт тұрғындары зардап шегіп, екі мектеп пен спорт сарайы қираған жағдайлар да болған, - дейді ІІМ.

Taulik.kz