Психологиялық тест: Сіздің баюыңызға не кедергі келтіреді?
Психологиялық тест: Сіздің баюыңызға не кедергі келтіреді?
Төрт әмиянның қайсысына ақшаңызды салар едіңіз? Сұраққа ойланбастан жауап беріңіз.
Бірінші әмиян
Қаржылық мәселелердің өзінен-өзі шешілгенін қалайсыз. Өмірден ләззат алғыңыз келеді. Есіңізде болсын, мұндай оймен тек ақшаны «қуып жібересіз». Оны өміріңізден көргіңіз келмейді. Ақшамен достасуды үйреніңіз. Оны санаңыз, оған құрметпен қараңыз. Сонда үйіңізде материалдық тұрақтылық болады.Екінші әмиян
Бюджетті жақсы түсініп, оны жоспарлай білесіз. Ақшаның құдіреті мен қадірін түсінесіз. Есіңізде сақтаңыз, ақша құр санағанды жақсы көрмейді. Ол қуаныш сыйлауды ұнатады. Кейде жан қалауыңыз үшін ақшаны есепсіз шашуға да болады.Үшінші әмиян
Сіз ақшаны жақсы көргеніңізбен, оны табуды ұнатпайсыз. Бюджетіңізді мүлдем жоспарламайсыз. Сондықтан ішіңіздегі ақша энергиясын жақсарта алмайсыз. Қаржылық сауатыңызды арттырып, ақшаға деген көзқарасыңызды өзгертуіңіз керек. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын жұмыс табыңыз, сонда капиталыңызды арттырасыз.Төртінші әмиян
Ақшаны жақсы табасыз, оған деген көзқарасыңыз да дұрыс. Қадірін білесіз. Өз әмияныңыз да сондай әдемі болар. Ішіне ақшаны қалай болса солай тыға салмай, ұқыптап, реттеп саласыз. Алайда капиталыңызды арттыру үшін сараң болмаңыз. Сізден көмек сұраған адамға қаржылай қолдау көрсетіңіз, сонда ақшаңыздың берекесі болады.Taulik.kz