Балаларының көзінше мышьяк ішіп алдым деген әйелге көмек керек
Балаларының көзінше мышьяк ішіп алдым деген әйелге көмек керек
Журналист Ирина Советжанқызы Facebook желісіндегі парақшасында мышьяк ішіп алып, өзіне қол жұмсамақ болған Жетісай ауданы тұрғынының видеосын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Мышьяк ішіп алдым дейді. Қасында балалары бар. Үйімді анам сатып жіберіп, осы сенбіде бала-шағаммен үйімнен қуылып жатырмын, дейді. Бұл кісіні Шымкентке барғанда дағдарыс орталығында кездестірген едім. Әкімшіліктен де көмек сұрадым деп жылап отыр. Шұғыл көмек бұл кісіге», – деп жазды журналист.Журналист жариялаған видеода Жетісай ауданының тұрғыны өліміне Жетісай органдарын кінәлап отыр.
«Мышьяк ішіп алдым. Осы менің өліміме себепкер болған Жетісай органдары. Олар менің жағдайымды толық біледі. Оны хат ретінде қалдырып кетемін. Анам осы үйді сатып жіберді. Сенбі күні үйді босатуым керек. Демім жетіспей тарылып жатыр. Ары қарай сөйлеуге шамам келмей қалады. 50 мың ғана пособия аламын. Оның 25 мың теңгесі кредитке кетеді. Оның 20 мың теңгесін інім алып кетті. Кеше үйде нан жоқ, балдарым бір күн аш отырды. Мен жұмыс істеуден қашпайтын едім. Жұмыс іздедім. Декретте болғаннан кейін мені ешқандай жер жұмысқа алмайды екен. Ал кішкентай баламды садикке алмайды, прививка алмаған. Оған ешқандай мүмкіндік болмады», – дейді ол видеода.
Taulik.kz