Түркістан облысының полицейлері жеңіл жүрісті 26 қызды есепке қойды
Түркістан облысының полицейлері жеңіл жүрісті 26 қызды есепке қойды
Түркістан облысының полицейлері жеңіл жүрісті 26 қызды есепке қойды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Түркістан облысы ПД полицейлері Сарыағаш және Сайрам аудандарында екі жеңгетайлық жайты мен притон ұйымдастыру дерегінің жолын кесті. Тәртіп сақшылары Сайрам ауданы елдімекендерінің бірінде, өз үйінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған жергілікті егде жастағы әйелді анықтады. Нәтижесінде жедел уәкілдер, күдікті мен жеңіл жүрісті қызды қолға түсірді. Олардан айғақ зат ретінде ақша тәркіледі.
Сонымен қатар «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жеңіл мінез-құлықты 26 қыз профилактикалық есепке қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 30-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.
Taulik.kz