Қырғызстан мен Тәжікстан арасында тағы да атыс орын алды

16 қыркүйек, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Қырғызстан мен Тәжікстан арасында тағы да атыс орын алды Қырғызстан мен Тәжікстан арасында тағы да атыс орын алды, деп хабарлайды Taulik.kz AKIpress-ке сілтеме жасай отырып. Таңғы сағат 6.00-дан бастап тәжік тарапы Қырғызстанның шекара отряды мен заставаларын миномёттің астына алған.
«Сағат 06:00-де тәжік тарапы Екі-Таш, Чир-Добо, Кум, Мазар мен Орто-Боз аумақтарын, ҚР ҰҚМК шекара отрядтарын топтық қарудан атқылай бастады», - делінген Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің мәлімдемесінде.

Taulik.kz