Жаңалықтар

Ресей арнайы операция емес, нағыз соғысты бастаса Украинаның күйі бітеді - Ресей елшісі

Ресей арнайы операция емес, нағыз соғысты бастаса Украинаның күйі бітеді - Ресей елшісі

Ресейдің Швециядағы елшісі Виктор Татаринцев егер Мәскеу арнайы әскери операцияның орнына нақты әскери әрекетке көшетін болса, онда Украинаның күйі бітетінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ресейдің Швециядағы елшісі Виктор Татаринцев Expressen басылымына берген сұхбатында Мәскеу арнайы әскери операцияның орнына нақты әскери әрекетке көшетін болса, онда Украинаның дәуірі аяқталады деп мәлімдеді.

«Қазір Ресей соғыс емес, арнайы операция жүргізіп жатыр. Мен Ресей Федерациясы нағыз соғыс бастаса, Украина өте тез жеңілетінін баса айтамын», - деді Татаринцев.

Ол Мәскеуді басқа әлемнен оқшаулауға болмайтынын түсіндіріп, Батыс елдерін мұны есте ұстауға шақырды.

«Қазір біз жеңіп жатырмыз», - деді дипломат.

Taulik.kz