Жаңалықтар

Қырғыз-Тәжік қақтығысы: 15 жастағы қыз қайтыс болды

Қырғыз-Тәжік қақтығысы: 15 жастағы қыз қайтыс болды

Баткен облысы Достық ауылының тұрғыны Мәлік Маннанов «Азаттыққа» Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде 15 жасар қызының қаза болғаны туралы ақпаратты айтты. Денсаулық сақтау министрлігі де 15 жастағы жасөспірімнің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің өлімі атыс жарақатының салдарынан болған. Қыздың әкесі жергілікті БАҚ-қа қызы Достық ауылынан Маргун ауылына қарай қашып бара жатқанда жарақат алғанын айтып отыр.
«Бұл – таңертең бәрі қашып бара жатқанда болған оқиға. Снарядтан болды. Біз жедел жәрдем мен аурухананың қайда екенін білмедік. Барлығы қашып кетті. Ал мен қызымды Маргун ауылында жерледім», - деді ол.

Taulik.kz