Астана атауының өзгеруі: елорда тұрғындары тағы құжат ауыстыра ма?
Астана атауының өзгеруі: елорда тұрғындары тағы құжат ауыстыра ма?
Елорда тұрғындарына құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп жазады Taulik.kz сайты.
Депутат Наталья Дементьева Нұр-сұлтан атауы халық арасында кең таралмағандықтан, қала атауын өзгертуді қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар депутат «қала тұрғындарына құжаттарын қайта ресімдеу қажет пе?» деп министрден сұрады.
«Қала атауының қайта өзгеруі қазақстандықтардың қалыпты өміріне кедергі келтірмеуі керек», – деді депутат.Министр өз кезегінде елорда тұрғындарын алаңдамауға шақырды.
«Елорда атауының өзгеруіне байланысты азаматтардың құжаттарына өзгеріс енгізілмейді. Қаланың бұрынғы атауы жазылған құжаттар жарамды болады», - деді министр.
Taulik.kz