Талдықорғанда 3 жасар бала күтушісінің қолынан қаза тапты
Талдықорғанда 3 жасар бала күтушісінің қолынан қаза тапты
Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге "үй қамағы" санкциясын берді.
Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.
Taulik.kz