АҚШ Тайваньды қорғауға дайын
АҚШ Тайваньды қорғауға дайын
АҚШ Тайваньды қорғауға дайын, бұл туралы Джо Байден CBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Голоса Америки» сайтына сілтеме жасап.
АҚШ президенті Джо Байден жексенбі күні CBS арнасының «60 минут» деп аталатын бағдарламасына сұхбат берді. Ол өзінің сұхбатында, Қытай әскерінен АҚШ Тайваньды қорғауға дайын екенін жеткізді. Бағдарлама тілшісі де өзінің сұрағын нақтылай түсті: «Бұл Қытай Тайваньды басып кірген жағдайда АҚШ әскери күштері Тайваньды қорғауға қатысады дегенді білдіре ме?» - деді. Байдан де «Иә, егер бұл бұрын-соңды болмаған шабуыл болса», - деп жауап берді. Аталған сұхбат өткен аптада жазылған. Журналистерге берген түсініктемесінде Ақүй өкілі АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін де айтты: «Тайваньға қатысты саясатымыз өзгермеді. Ол сол күйінде қалады», — деді Ақүй өкілі. Президент бұл туралы бұрын да, нақтырағы Токиода осы жылдың басында айтқан болатын. Мамыр айында журналистер Байденге: «АҚШ Тайваньды қорғау үшін соғыс қимылдарына қатысуға дайын ба?», - деп сауал жолдаған болатын. Ақүй өкілі де: «Иә, бұл біз қабылдаған міндеттеме», - деп жауап берген болатын. CBS арнасының «60 минут» бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында Байден, Америка Құрама Штаттары Тайванның тәуелсіздігін қолдамайтынын және Вашингтон Тайбэйді емес, Пекинді ресми түрде мойындайтын "жалғыз Қытай" саясатын ұстанатынын қайталады.