Сенбі, Сәуір 1 2023

-35 градус: Қақаған қыста жылусыз отырған оқушылар қашықтан оқитын болды

Екібастұздық оқушылар ертең мектепке бармайды – олар қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Taulik.kz Sputnik.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

28 қарашадан қаладағы балабақшалар да жұмысын уақытша тоқтатады. Оған жылу энергетикалық орталығында болған апат себеп. Салдарынан -35 градустық аязда тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз отыр.

Бұл бір айдың ішінде елде қайталанып отырған екінші жағдай. Қарашаның ортасыдағы шығыстағы Риддер қаласының тұрғындары да орталықтағы апат кесірінен жылусыз қалған.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button