Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады?

Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады?

Әділет министрі Қанат Мусин бір реттік рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді. Депутаттар құжатта бұл құқықты кімдер пайдаланатынын нақты көрсетеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Astana арнасына сілтеме жасап. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.
«Тізім әлі жоқ. Рақымшылық туралы заңды Парламент қабылдайды. Қандай қылмыс түріне, кімдерге жеңілдік болатыны құжатта көрсетіледі. Осы заң жарияланып, күшіне енгеннен кейін ғана тұлғалар анықталады», – деді Қанат Мусин.

Taulik.kz