ЛХР және ДХР қоғамдық палаталары референдум өткізуге шақырды
ЛХР және ДХР қоғамдық палаталары референдум өткізуге шақырды
19 қыркүйек күні ЛХР деп аталатын қоғамдық палата мүшелері аймақ басшысы Леонид Пасечникке жүгінді. Олар Ресейге қосылу туралы дереу референдум өткізуді талап етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Аймақ басшысының алдында аталған қоғамдық палата төрағасының орынбасары Лина Вокалова сөз сөйледі. Вокалова өз сөзінде: «Киев ұлтшылары соңғы уақыттарда тым шектен шықты», - деп атап өтті. Сонымен қатар, Луганск халқы Ресейге қосылу туралы бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді. Референдум өткізу туралы шешім ЛХР басшысы мен Халық Кеңесінің қарауына жіберілді. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, ДХР деп аталатын қоғамдық палата басшысы Денис Пушилинге, Донецк Республикасының (танылмаған) қоғамдық палата мүшелерді де үндеу жасаған. «Украина мен біздің арамызда Ресей Федерациясының шекарасы болғанын қалаймыз», - делінген үндеуде. Үндеулер Украина қарулы күштерінің Донецк және Луганск облыстарының батыс шекараларына қарсы шабуылы аясында орын алады. Ресей мемлекеттік RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян өзінің Telegram арнасында, аталған өтініштерді «Қырымның сценарийі және ва-банк», - деп атады. 11 қыркүйекте Кремль Украинаның бірнеше оккупацияланған аймақтарын Ресейге қосу туралы референдум өткізуді жоспарлаған. Донецк және Луганск облыстарынан басқа, Херсон мен Запорожск қалаларында да референдум өткізу көзделген болатын. Алайда майдандағы жағдайға байланысты референдум кейінге шегерілді. Кейінірек «Единая Россия» бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак: «Донбаста және Украинаның оңтүстігіндегі оккупацияланған аумақтарында Ресейге қосылу туралы референдум жұмыстарын, ұлттық бірлік күніне орай өткізу керек», - деді. Ол Ресейде 4 қарашада тойланады.
Taulik.kz