Жаңалықтар

Иранда әйелдер хиджабтарын өртеп, митингіге шығып жатыр (видео)

Иранда әйелдер хиджабтарын өртеп, митингіге шығып жатыр (видео)

Ирандық әйелдер полицияның соққысынан кейін қайтыс болған Махса Аминидің өліміне наразылық ретінде хиджабтарын өртеп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты nege.kz-ке сілтеме жасап. Иран полицейлері хиджабын шешкен бойжеткенді аяусыз ұрып, ауруханаға түсірген.  width= Қатты бас соққысын алған 22 жастағы Махса Аминиди сол арада көз жұмған. Осы оқиғадан кейін ирандық қыздар шеруге шығып, хиджабтарын шешіп жатыр. Полиция Аминидің басы орамалмен толық жабылмағаны үшін метроның шыға берісінде ұстап, бөлімшеге күштеп алып кеткен. Онда бойжеткен қатты соққыдан кейін есінен танып, комаға түскен. Полиция оқиғаға қатысты қыздың өлімі жүрек талмасынан болды деп түсіндірді. Бірақ куәгерлер қыздың соққыға жығылып, бас сүйегінің сынуынан қайтыс болғанын айтып жатыр. Иранда әйелдер хиджаб киюге міндетті, өйтпеген жағдайда бұл қылмыс болып саналады. Иранның түкпір-түкпірінде мыңдаған әйел көшеге шығып, наразылық білдіріп жатыр. Олар хиджабтарын шешіп, ұзын шашын кесіп жатқанын әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция митингіге шыққан қыздарға газ қолданып, оқ жаудырған. Бірнеше адам өліп, жараланған. Иран президенті қыздың өлімін жедел тексеруді тапсырды, бұған қатысы бар полицейлер ұсталды, бірақ наразылық әлі басылмай отыр. https://www.youtube.com/watch?v=DM7kLt9qg40

Taulik.kz