Жаңалықтар

2025 жыл: Түркияның өзгерген картасы БАҚ-та талқыланып жатыр

2025 жыл: Түркияның өзгерген картасы БАҚ-та талқыланып жатыр

Зерттеуші ғалым Энгин Авчи өзінің оқырмандарына 2025 жылы Түркияның картасы қалай өзгеретінін ұсынды. Бұл туралы taulik.kz editor.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  Оның сызып, дайындаған картасы бойынша, Сирияның Солтүстік аймағы, Ирақтың орталық аудандарына дейін, Балқанның өзге аймақтары, Салоники,  Эгей теңізіне қарайтын 12 арал, Нахчывананы қосып алғанда бүкіл Армения Түркияның бақылауында болады деп көрсеткен. «2025 жылы Түркияның картасы осындай болады. Бұл «Мемлекет ішке қарай» 20 жыл бойы алға тартқан карта. Соңғы нүктеде Түркия мен Ресей арасында одақ пайда болады. Сонымен бұл картаға көшу процесі. Карта бойынша аралдар тазартылып, Сирияның солтүстік бөліктері мен Ирақтың орталық аймақтарына барамыз. Кирджали мен Салоники біздікі. Бұл шабуылды жүзеге асыратын адам бар және ол басшылықта»,–  деді Энгин Авчи.