Терісін тіліп, құзғындарға береді: «Көкте жерлеу» туралы не білесіз?
Терісін тіліп, құзғындарға береді: «Көкте жерлеу» туралы не білесіз?
«Көкте жерлеу» – Тибетте қолданылатын үш жерлеу түрінің бірі. Қалған екеуі - кремация және өзенге тастау. Тибет үстіртінде топырақ қабаты өте жұқа болғандықтан, қатты тас қабаты көрініп тұрады. Ал өртеуге арналған ағаш аз және өте қымбат. Сол себепті жерлеудің осы түрі елде кеңінен етек жайған.
«Көкте жерлеу» - өлікті жерлеудің негізгі түрі. Сонымен қатар ол «құстарға садақа беру» деп те аталады. Тибеттік нанымға сәйкес, адам қайтыс болған кезде оның жаны денесінен шығады, ал адам өмірінің барлық кезеңдерінде пайдалы болуға тырысуы керек. Сондықтан өлі дене құстарға қайырымдылықтың соңғы көрінісі ретінде беріледі.
Тибеттіктердің көбі осылай жерленіп жатқанын ғана көз алдына елестете алады. Ерекшелік тек Далай-лама мен Панчен-Ламаларға ғана жасалады. Өйткені өлгеннен кейін олардың денелері бальзамдалып, алтынмен қапталады.
Бұл дәстүр тибеттіктердің бүкіл аумағында, Ладакх немесе Аруначал-Прадеш штаты сияқты кейбір үнді территориясында да қолданылады.
1959 жылы Қытай билігі Тибет аумағын басып алғаннан кейін рәсімге толығымен тыйым салды. Алайда 1974 жылдан бастап монахтар мен тибеттіктер өтініш жасағаннан кейін қытай үкіметі «көкте жерлеуді» қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта рәсімді өткізуге арналған 1100-ге жуық алаң бар.
Айта кетейік, рәсімді арнайы адамдар орындайды. Аталмыш рәсімді орындау реті келесідей:
Тибеттік қайтыс болғаннан кейін оның денесін отырған адамның кейпіне қояды. Лама тибетте өлгендердің кітабынан дұға оқып болғанша ол 24 сағат бойы «отырады».
Бұл дұғалар адам жанының 49 бардо деңгейінде – өлім мен қайта туылу арасындағы күйде алға жылжуына көмектеседі. Адам қайтыс болғаннан 3 күн өткен соң марқұмның жақын досы оны жерлеу орнына әкеледі. Рогьяпа алдымен адамның терісін тіліп, құзғындарға береді, ал құстар денедегі бүкіл етті жеп тастайды.
Әрі қарай ол сүйектерді арнайы жалпақ тасқа жинап, ұсақтайды, үгінділерді арпа ұны мен майға араластырады. Содан кейін мұның бәрін құстарға береді.
Осылайша дене із-түзсіз жойылады. Тибеттік буддизмде жанға жаңа тән табу үшін денеден осылай шығу оңайырақ деп саналады.
Айта кету керек, Тибет халқы кез келген адам өмірінде бір рет болсын өмірді сезіну үшін «Көкте жерлеу» рәсімін көруі керек деген пікірді қолдайды.
Taulik.kz