Жаңалықтар

Соғыста секс-құлдыққа түскен қыздардың тозаққа толы тағдыры

Соғыста секс-құлдыққа түскен қыздардың тозаққа толы тағдыры

14 жасында секс-құлдыққа түскен Ким Бок Дон атты қыз екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және соғыс кезіндегі Оңтүстік Кореяның келбетін көрсететіндей. Сол жылдардағы әйел адамдардың өмірінің қаншалықты аянышты болғанын тарихи фактілермен баяндаймыз.
«Анамнан қайда кетіп жатқанымды сұрағанда, фабрикаға бара жатқанымды, әскерилердің киімін тігетінімді айтты. Ол жерге 30-32 әйел болып бардық. Қыздар 18-20 жаста еді. Мен олардың арасындағы ең кішкентайы болдым», – дейді Ким Бок Дон.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және соғыс барысында жапон армиясы сарбаздарын түрлі әдіспен жігерлендірген. 1932 жылы олардың әскері Қытай Республикасының солтүстік-шығыс аумағын басып алады. Содан кейін генерал-лейтенант Ясудзи Окамура әскерінің жергілікті тұрғындарды зорлағаны туралы фактілерге тап болады. Осыған байланысты ол басшылыққа «жұбаныш станцияларын» құруды ұсынады. Яғни олар «әйелдер жұбаныш үшін» деген көзқарасты қолдайды.  width=
«Станциялар жаулап алынған аумақта пайда болған Жапонияға қарсы жағымсыз көңіл-күйді азайту үшін құрылады. Сондай-ақ сарбаздар жыныстық жолмен берілетін немесе басқа да ауруларды жұқтырып, жауынгерлік қабілетінің төмендеуіне жол бермеу де станция құрудағы басты мақсат болады», – дейді генерал-лейтенант Ясудзи Окамура.
1932 жылы Шанхайда алғашқы «станция» ашылды. Бастапқыда Жапониядан келген ерікті әйелдер жұмысқа алынды. Бірақ көп ұзамай станциялардың саны арта бастады. Басшылық Қытай мен Кореяны жаулап алғаннан кейін, сол жақтан қыздарды күштеп әкелу туралы шешім қабылдайды.
«Көптеген бөлмелердің есігі жабылмады, сәйкесінше олардың ішінде не болып жатқаны көрініп тұрды. Адамдардың қалай жыныстық қатынасқа түсетіні бәріне көрінетін. Алғаш рет мені бөлмелердің біріне сүйреп апарып, оңдырмай ұрды. Жігіт өз ісін аяқтағаннан кейін, менен қатты қан кетті. Өйткені мен сол күні бірінші рет жігітпен қосылған едім», – дейді ол.
 width= Әр қыз күніне 20-30 сарбазға «қызмет көрсеткен».
«Кешкі сағат бестен кейін аяққа тұру, жүру қиындап кетті. Денемнің төменгі жағы ауырсынды. Күнде кешке дәрігерлер келіп, денеміздің зардап шеккен жерлерін емдейтін», – дейді Ким.
20 мың әйел әскерилердің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мәжбүр болды. Басқа деректерге сүйенсек, қоғамдық үйлерде 360-тан 410 мыңға дейін болған. Олардың көпшілігі 18 жасқа толмаған кәріс қыздар еді.
«Жапония соғыста жеңілгеннен кейін жапон әскері бұл «станциялардың» іздерін жасыруға тырысты. Сол үшін бізді әскери ауруханалардағы медбикелер ретінде көрсетті. Осылайша «медбике» болып бір жылға жуық жұмыс істедім», – дейді ол.
Зардап шегушілердің көбі бастарынан өткен ауыр оқиғаларды қоғаммен бөлісуге қорыққан. Олар қоғамнан, адамдардан ұялды. Бұдан бөлек әйелдерге өмір бойы түрлі аурумен, соның ішінде жыныстық жолмен берілетін аурулармен күресуге тура келді.  width=
«Отбасыммен, ата-анаммен жолықтым. Олардан «қанша жыл өтті?» деп сұрадым. 8 жыл өткен екен. Мен 14 жасымда кеттім де, 22 жасқа толғанда үйіме оралдым», – дейді жәбірленуші.
Ким ұзақ уақыт бойы отбасына басынан өткен оқиға туралы тіс жарып ештеңе айтпаған. Шындықты білген анасы қатты таң қалып, жүрек талмасы ұстап, көз жұмады.
«Ең өкініштісі – оқуға мүмкіндіктің болмағаны. Егер мен Жапония үкіметінен ақша алған болсам, онда оны мұқтаж студенттердің білім алуына жұмсайтын едім. Жоспарым – осы. Алайда мәселе шешіледі деп күтпеймін», – дейді ол.
Ким 2019 жылы қайтыс болды. Ол күллі әлемге басынан өткен ауыр тағдырын айтқан санаулы адамдардың бірі еді. Жалпы Оңтүстік Кореяда 238 әйел көпшілік алдында мәлімдеме жасап, басынан кешкен оқиғаларды бөлісті. Бұл проблема Кореядағы феминистік қозғалыстың қарқынды дамуының негізгі себептерінің бірі болды.  width= Айта кетейік, аталмыш оқиға Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынаста шиеленіс тудыруда. Өйткені жапон армиясы жыныстық құлдықтың құрбандарынан кешірім сұраған жоқ.

Taulik.kz