Жаңалықтар

Қазақстанда нәресте өлімі көбейіп кетті

Қазақстанда нәресте өлімі көбейіп кетті

Қазақстанда нәресте өлімі көбейіп кетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты.

Бұл ретте ең жоғары көрсеткіш Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, – деді Ажар Ғиният.

Ана өлімінің жоғары себептерінің ішінде акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар 30% болды.

Нәресте өлімі әлі де жоғары. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,5% өсім байқалады.

Нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60% жағдайда шала туған нәрестелердің өлімі тіркелген.

Taulik.kz