Ресей акциялары Путиннің мәлімдемесінен кейін күрт құлады
Ресей акциялары Путиннің мәлімдемесінен кейін күрт құлады
Путиннің бүгінгі үндеуінен кейін Ресейдің қор нарығында бағалар «құлап», құлдырау орын алды. Мосбиржа индексі 2,98% - ға, яғни 2 149,64 пункт белгісіне дейін төмендеді. РТС индексі 4,17%- ға дейін, яғни 1 106,03 пунктке төмендеді. Ал РТС долларлық индексі 10,9% жоғалтты. Өз-өзін егемен деп жариялаған ЛХР мен ДХР, сондай-ақ Украинаның Херсон облысында референдум өткізілетіндігі туралы мәлімдемелерден кейін Ресейдің жетекші қор индекстері 8% - ға дейін құлдыраған болатын. Акциялардың төмендеу деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші 24 ақпанда тіркелген еді. Украинада арнайы әскери операция басталғаны туралы хабардан кейін, индекстер бұл кезде 30% - ға дейін құнын жоғалтқан.
Taulik.kz