Абай облысында автокөліктерге жаңа номер беріле бастады
Абай облысында автокөліктерге жаңа номер беріле бастады
Аймақтың мемлекеттік тіркеу номері 18 саны болды, деп жазады Taulik.kz сайты Semeynews порталына сілтеме жасап.
«Абай облысында автокөлік жүргізушілері 21 қыркүйектен бастап жаңадан тіркелетін көлікке 18 номері бейнеленген мемлекеттік номер ала бастады. Бұрын есепке қойылған автокөліктер бұрынғы нөмірлерімен жүре алады. Ал алғашқы мемлекеттік номер бүгін таңертең автокөлік иесіне берілді», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Taulik.kz