Зеленский: "Ресей агрессиясы үшін әділ жазалансын!"
Зеленский: "Ресей агрессиясы үшін әділ жазалансын!"
Украина президенті Владимимр Зеленский Ресейдің агрессиясы үшін әділетті жаза қолдануды талап етті. Бұл туралы Украина басшысы БҰҰ Ассмблеясына жолдаған үндеуінде айтты.
Зеленский Ресейге қарсы қаржылай санкциялармен бірге Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығынан айыруды ұсынды. «Сіздер Ресейден бейбіт келіссөзге қатысты түрлі мәлімдемелер естідіңіздер. Олар өздерін соған дайын болғандай етіп көрсете отырып, жартылай мобилизациялау жариялады. Украинаның жаулап алған жерлерінде референдумдар өткізуді жоспарлап келіссөз туралы сөз қозғады. Қақтығыс тек Украина ұстанған бейбіт жолымен шешілуі керек. Ресейдің қоқан-лоқысы жалғасқан сайын бұл елмен ешқандай мемлекет келіссөз жүргізгісі келмес», - деді Украина президенті Владимир Зеленский. Сонымен қатар, Зеленский Киевтің тұрақты бейбітшілік орнатудың бес тармақтан тұратын жоспары бар екенін айтты. Бірақ ол Украинаның бейтарап мемлекет болуы туралы ұсыныстарды қабылдамады. Ол сондай-ақ Украина ұсынған жоспардан басқа кез келген бітімгершілік ұсыныстарын жоққа шығарды. Зеленскийдің айтуынша, бейбітшіліктің бес міндетті шарты: Ресей агрессиясын жазалау, Украинаның қауіпсіздігін қалпына келтіру және елдің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру.
Taulik.kz