Жаңалықтар

Шетел азаматынан «гашиш» тәркіленді

Шетел азаматынан «гашиш» тәркіленді

Сарыағашта шекара бекетінен есірткі алып өтпек болған шет ел азаматы ұсталды. «Жібек жолы» шекара бекетінен өтпек болған күдікті Өзбекстан азаматы екені анықталған. Бекттен өткізу кезінде «Минти» атты қызметтік ит белгі берген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Шекарашылар туған жеріне бет алған Өзбекстан азаматын ұстап, жедел-тергеу тобын шақырады. Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен түйіншегін тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заты «гашиш» болып шықты. Қазіргі таңда шетел азаматы қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.                                                                                                                                                      Taulik.kz