Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайызға өседі
Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайызға өседі
Өрт сөндірушілердің айлығы 40 пайызға өседі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты кемі 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлердің айлығы өседі», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Айта кетейік, тілсіз жаумен алысып, өмірлеріне күн сайын қауіп төнетіндердің айлығы 100 мыңнан сәл ғана асады. Президент тапсырмасынан кейін қазір осы мәселе Үкіметте қаралып жатыр.
Taulik.kz