Жаңалықтар

Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қайрат Сатыбалдыұлын "Құрмет", "Парасат" ордендерінен айыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап. Прокурор сотта Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар, прокуратура өкілі Жангелді Есебаев сотты Қайрат Сатыбалдыұлын 10 жыл лауазымды қызметтер атқару құқығынан және ҰҚК генерал-майоры, "Құрмет" және "Парасат" арнаулы атақтарынан айыруды сұрады. "Жазасын өтеу үшін орта қауіпсіздік мекемесі белгіленсін. Қамауда отырған мерзімінің әр күні 1,5 күнге тең болып есептелсін", – деді Жангелді Есебаев. Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Сондай-ақ, прокурор ұсынып отырған жаза түрі мен мөлшерімен келісетінін жеткізді.                                                                                                                                                        Taulik.kz