Жаңалықтар

Қытайда министр жемқорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытайда министр жемқорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытай соты мемлекеттің бұрынғы Әділет министрі Фу Чжэнхуаны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты CNA басылымына сілтеме жасап. Ол саяси құқықтарынан айырылған, мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленеді. Сондай-ақ сот шешіміндегі ескерту бойынша, екі жыл кейінге қалдырылғаннан кейін саясаткер шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында саясаткер 117 миллионнан астам юань пара алғанын мойындаған болатын.

Taulik.kz