Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды
Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды
"Ақтау халықаралық әуежайына" қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі.
"Авиакеросинге монополиялық жоғары баға қоюға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл әуе билеттері бағасының өсуіне әсер еткен", - деді ведомствода.Заңбұзушылықтар расталса, әуежайға айыппұл салынып қана қоймай, заңсыз кірістер тәркіленеді. Іс құқық қорғау органдарына жіберілуі де мүмкін.
Taulik.kz