Жаңалықтар

Ахуал ерекше: Қазақстан-Ресей шекарасында сұмдық кептеліс орын алуда

Ахуал ерекше: Қазақстан-Ресей шекарасында сұмдық кептеліс орын алуда

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстанға кіріп жатқан шетел азаматтарының саны күрт артты. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметіхабарлады. Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалады. Ахуал ерекше бақылауға алынды. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

Taulik.kz