Жаңалықтар

Жыл соңына дейін 5 мың орындық 17 жатақхана салынады

Жыл соңына дейін 5 мың орындық 17 жатақхана салынады

Жыл соңына дейін 5 мың орындық 17 жатақхана салынады. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда 104 жоғары оқу орнында 209 жатақхана бар, онда 101 мыңнан астам студент тұрады. Сондай-ақ жоғары оқу орындары 14 309 орындық 100 жатақхана мен хостелді жалға алады. Бұл ретте жатақханаларға қосымша қажеттілік 87 мыңнан астам орынды құрайды. «2018-2022 жылдар аралығында ЖОО студенттері үшін 15 482 орындық 50 жатақхана пайдалануға берілді. Биыл 5 мың орындық 17 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді Саясат Нұрбек.                                                                                                                                                        Taulik.kz