Жаңалықтар

«Қырым кімдікі»: ресейліктерге Қазақстанда пәтер жалдап тұру неге қымбат?

«Қырым кімдікі»: ресейліктерге Қазақстанда пәтер жалдап тұру неге қымбат?

Желіде «Қазақстанда ресейліктерге кварти пәтер жалдап тұру шынымен қымбат па?» деген сұрақтың жауабы айтылды. Видеода «Настоящее время» басылымы пәтерді арендаға беретіндерге хабарласып, мән-жайды анықтайды, деп жазады Taulik.kz сайты. «Ресейліктерге Қазақстанда пәтер жалдап тұру қазақтарға қарағанда қымбат па екенін қазір анықтайтын боламыз.
Алматының орталығында орналасқан пәтер таптық. Бағасы – $833, бұл Алматыдағы орташа айлықтан шамамен 240 долларға артық.
– Иә. – Алло, сәлеметсіз бе! – Сәлеметсіз бе! – Пәтер жалға бересіздер ме? – Иә. – Сіздер бағаны хабарландыруда 400 мың теңге деп көрсеткен екенсіздер. Соңғы баға ма? (түспейсіздер ме?) – Иә, себебі қоңырау шалып мазалайтындар көп. Содан кейін осындай баға қоямын деп шештім. – Түсінікті. Тағы бір сұрағым бар еді. Ресейліктер пәтеріңізді жалдап тұра ала ма? – Егер сізге тіркелу керек болса, мен ондай іспен айналыса алмайтын шығармын. – Жоқ, ештеңе қажет емес. Тіркелмеймін. Жалпы пәтер жалдап тұруға келісесіз бе?
– Былай ғой, Қырымның кімге тиесілі екенін айтыңызшы...», – делінген видеода.

Taulik.kz