Жаңалықтар

Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны рас па?

Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны рас па?

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егізінің сыңары Ерлан Нығматулин қамауға алынғаны жазылып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ол алаяқтық жасады, салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарды, қаржыны жылыстатты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ерлан Нығматулин қазір қамауда отырған көрінеді. Сонымен қатар прокуратура қайда екені анықталмаған Нұрлан Нығматулинді де тергеуге шақырмақ. Соңғы деректерде оның 7 қыркүйекте БАӘ-де жүргені айтылған.

Taulik.kz