Жаңалықтар

Алматыда марафон қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

Алматыда марафон қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

47 жастағы ер адам Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Медициналық көмек көрсетілсе де, мамандар оны құтқара алмаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол марафонға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Бұған дейін екі рет жарысқа қатысқаны белгілі болды.
«Оқиға сағат 09.35-те болды. Рүстем Садықов 10 км қашықтықты жүгіріп өтті. Тіркеу кезінде 8743 нөмірін алды», - дейді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.
Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олар марқұмның денесін Астанаға жеткізуге қаржылай көмек көрсететін болды. Айта кетейік, бүгін Алматыда өткен марафонға Қазақстаннан, сондай-ақ 30-дан астам елден, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 15 жастан асқан 12 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысты.

Taulik.kz