Мобилизация: Мәскеу метросында мүгедек адамды тұтқындап әскери бөлімшеге алып кеткен
Мобилизация: Мәскеу метросында мүгедек адамды тұтқындап әскери бөлімшеге алып кеткен
22 қыркүйекте Мәскеу метросында екінші топтағы мүгедек белсенді Виктор Капитонов ұсталып, военкоматқа жеткізілді. Бұл туралы ол өзінің YouTube арнасында хабарлады.
Белсенді полиция оған метроның «Автозаводская» стансасында жолыққанын айтады.
«Олар менен құжаттар сұрай бастады, мен полицейлердің бірінің планшетінен фотомды көрдім. Мен полициядан не болғанын сұрасам, полиция маған: «Камера сіз үшін жауап берді», - деді Капитонов.
Алдымен белсенді Мәскеудің Даниловский ауданындағы полиция бөліміне жеткізіліп, одан кейін военкоматқа жіберілді. Дәрігерлер полицияға оның әскери қызметке жарамсыз екенін айтып, Капитонов босатылды.
Taulik.kz