Жаңалықтар

Башқұрстан саяси орталығының өкілдері Қазақстан халқына үндеу жолдады

Башқұрстан саяси орталығының өкілдері Қазақстан халқына үндеу жолдады

Башқұрстан саяси орталығының өкілдері Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл туралы Шыңғыс Айнабек өз facebook парақшасында жариялады. 

Құрметті бауырлар! Біздің туыстас халықтарымыз көрші бола отырып, ғасырлар бойы ең қиын жағдайларда бір-біріне көмектесіп келді. Қазақ халқының башқұрт көтерілісшілері мен олардың отбасыларын қалай қорғағаны тарихтан белгілі.

Башқұрттар да өздерінің қарулы жасақтарымен бірге Қазақ хандығы жерлеріне жоңғар шапқыншылығын тойтаруға көмектесті. Алаш Орда Үкіметі мен Башкурдистан Үкіметі бірлесе отырып өз автономияларын қорғап, қызыл террорға қарсы күресті.

Кезінде біздің Көтерілістеріміздің көшбасшылары Киньзя Арасланов пен Қарахақал хан сіздердің жерлеріңізді паналады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары! Тағы да  бізге Ресейдің империялық шовинизмінің проблемасы келді, қазір біздің мыңдаған жігіттерімізді Егемен Украинаға қарсы соғысқа жіберуге итермелеп жатыр.

Бұл империя ғасырлар бойы біздің халықтарымызды жойып, тілімізді, тарихымызды, дәстүрлерімізді жойюға бар күшін салып келеді. Ал қазір олар еркін Украинада "орыс әлемін" жасағысы келеді.

Бірақ біздің көптеген ер адамдар Кремльдің империялық, шовинистік саясаты үшін соғысқысы келмейді және мәжбүрлі жұмылдыруға ұшырамау үшін Отандарын тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Қазақстан - Башқұртстан, Татарстан және Орал-Еділ аймағында орналасқан басқа да республикалар үшін ең жақын, еркін ел.

Біздің көптеген азаматтарымыз  сіздердің елге жіберілетіні түсінікті. Башқұрт ұлттық саяси орталығы бүкіл қазақ халқына, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, жеке белсенділерге өтініш жасайды.

Украин халқына қарсы агрессияға қатысқысы келмейтін отандастарымызға көмектесіңіздер! Көптеген адамдар тек ең қажет нәрсені алып, бас сауғалауда. Уақытша тұрғын үй, тамақ, дәрі-дәрмек, гигиена құралдарына көмек көрсетуді, өмір сүру үшін уақытша жұмыс ұсынуларыңызды сұраймыз!

Біз украин батырларының ерік-жігері Путиннің империялық күшін бұзады деп ойлаймыз және біздің республикалар сіздер секілді Тәуелсіздік алады!

Сіздердің көмектеріңіз - бұл мыңдаған адамның өмірін сақтау.  Яғни балалар әкелерінен, аналар ұлдарынан, әйелдер күйеулерінен айрылмаса екен деген тілегіміз бар.

Сіздердің бүгінгі көмектеріңіз - бұл біздің халқымыздың өмірі мен болашағы!

 width=