Жаңалықтар

Қытайдағы төңкеріс: Си Цзиньпиннің ұсталғаны рас па?

Қытайдағы төңкеріс: Си Цзиньпиннің ұсталғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Қытайда «әскери төңкеріс болғаны жайлы» жазбалар тарап кетті. Си Цзиньпин абақтыда отыр дегендер де бар. Халық арасында дәлел ретінде Си Цзиньпиннің ұсталған сәті бейнеленген фото және Қытайдағы әскери төңкерісті «сипаттайтын» видео тарады. Factcheck.kz cурет пен видеолардың рас-өтірігін талдап, ақпараттың фейк екенін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ресми дереккөздер Қытайдағы төңкеріс туралы ешнәрсе хабарламады, мәлімдеме жасамады.
«Сурет түпнұсқасында Қытай төрағасы емес, Гонконгтағы медиамагнат Джимми Лай кепілдікпен босаған кездегі сәт түсірілген. Ол «ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды» деген күдікке ілінген. Дәл қазір желіде айтылғандай Қытайдағы төңкеріс пен Си Цзиньпинның ұсталғаны туралы ресми хабарлама жоқ және дәлелденбеген. Бұған қоса Қытайда мемлекеттің бақылауындағы медиалар бұл жайында жазбады. Сонымен қатар желіде тараған жазбада «Бейжіңге әскерилер келді» деген сипаттамамен видео жарияланған. Алайда видео Қытайда емес, Ирандағы наразылық акциясы кезінде түсірілген», – делінген материалда.
[caption id="attachment_4020" align="aligncenter" width="800"] width= Фото: news.ltn.com.tw[/caption]

Taulik.kz