Ресейде әскери бөлімшеге оқ атылды
Ресейде әскери бөлімшеге оқ атылды
Ресейдің Иркутск облысында орналасқан әскери бөлімшеге белгісіз ер адам оқ жаудырған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Иркутск облысының Усть-Илимск қаласында орналасқан әскери бөлімшеде атыс болды. Атыс кезінде аталған бөлімшенің бастығы жарақат алған. Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев, жараланған әскери қызметкер Александр Елисеев екенін және оның реанимацияда өте ауыр жағдайда жатқанын растады. «Болған жағдай менің миыма сыймайды. Мен шынымды айтсам ұялып тұрмын. Біз дәл қазір бір - бірімізге оқ атпай, керісінше біртұтас болуымыз керек. Жауымызға қарсы бірге күресуіміз керек»,- деп жазды Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев өзінің Telegram арнасында. Ол сондай – ақ, қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Кейіннен жергілікті «Коммерсант» басылымы оқ жаудырған адамның ұсталғанын хабарлады. Ұсталған ер адамның 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин екені анықталған. Оның не үшін мұндай қылмысқа барғаны әзірге белгісіз.
Taulik.kz