Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім екі жылға сотталды
Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім екі жылға сотталды
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында сот «16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынаста болған» жергілікті мектеп мұғалімінің ісі бойынша шешім шығарды. Іс қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі бойынша тергелді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Сотталушының айтуынша, ол оқушымен отбасы құрған. Сонымен қатар бастапқыда полицияға жүгінген жәбірленушінің анасы мұғалімнің «алдымен зорлағанын, содан кейін қызға үйленгенін» айтып отыр. Ол кезде қыз 15 жаста болған.
Оқиғаның болғаны анықталғаннан кейін мектеп директоры мен оның орынбасары, психологтар мен сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды. Бірнеше педагог қатаң сөгіс алды.
Taulik.kz