Келген ресейліктерге көмек көрсетіп, еңбекпен қамту керек - Әлихан СМАЙЫЛОВ
Келген ресейліктерге көмек көрсетіп, еңбекпен қамту керек - Әлихан СМАЙЫЛОВ
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Taulik.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Келген адамдарды өңірлер бойынша орналастыру, жұмысқа тұру ықтималдығын қарастыру және кеңес беру мәселелері бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мигранттарды тіркеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, жалға берілетін тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілері бойынша әділет министрі Қанат Мусин сөз сөйледі.
Талқылауға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Премьер-Министр өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.
«Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды», — деді Әлихан Смайылов.
Taulik.kz