Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Путинге көңіл айту жедел хатын жолдады

Мемлекет басшысы Путинге көңіл айту жедел хатын жолдады

Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Taulik.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдар қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.
"Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуылы салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Taulik.kz