50 жастан бастап зейнетке шыға алады - Тамара Дүйсенова
50 жастан бастап зейнетке шыға алады - Тамара Дүйсенова
Қазақстандық кеншілер 50 жастан бастап зейнетке шыға алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифингте айтты.
Министрлік қазір Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс тобымен кеншілердің зейнетақысына есептеу жүргізіп жатыр.
Қазір зейнетақы аннуитеті мәселесі талқыланып жатыр. Олар 40 жастан бастап жұмыстан босатуы мүмкін. Ондай жағдайда 50 жастап бастап зейнетақы төленеді. Олар жұмыстан ерте босатылуы үшін зейнетақы аннуитетінің құны төмендетіледі, – деді Дүйсенова.
Taulik.kz