Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты
Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты
Ереван Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығуларына қатысудан түбегейлі бас тартты. Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Әзербайжан тарапынан көрсетілген агрессия нәтижесінде армян-әзербайжан шекарасында туындаған жағдайға байланысты Қорғаныс Министрлігі Армения Республикасының Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттерін негізге ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомствода.
Taulik.kz